Қырғызстанда жігітімен сүйіскен бойжеткен оның тілін суырып алған

0
120

​Оқиға 8 қараша күні Қырғызстанның Манас қаласында болған.


Қырғызстанда жігітімен сүйіскен бойжеткен оның тілін суырып алған

Фото: https://kaktus.media/

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Манас қаласында қызымен сүйіскен жігіт операция залынан бір-ақ шыққан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жігіттің тілі мен ерні жараланған: қыз жігіттің тілінің ұшы мен төменгі ернінің бір бөлігін суырып алған. Науқасқа ота жасалып, жарасы тігілді. Қазір ол жақ-бет хирургиясы бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тілі қалпына келуі мүмкін. Мұндай жарақаттар әдетте эпилепсия кезінде болады, бірақ сүйіс кезінде осындай жағдай бірінші рет кездесіп отыр», - дейді дәрігер.

Манас аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бастаған.

«Тергеу барысында анықталғандай, 1999 жылы туған С. уулу Н. есімді жігіт 2006 жылы туған А. Ж. есімді қызбен кездесіп жүрген. Оқиға болған күні олар досының тойында болып, алкоголь ішімдік ішкен. Сүйіс кезінде А. Ж. жігіттің төменгі ерні мен тілін тістеп, жарақаттаған. Екеуінің де психикалық ауытқулары жоқ, есі дұрыс екені анықталды», - деп мәлімдеді милиция өкілдері.

Қазір Манас аудандық ІІБ тергеу қызметі сот-медициналық сараптама тағайындап, тергеу іс-шараларын жалғастырып жатыр.