Қырғызстандағы Ақ-Сай шатқалында қар көшкіні жүріп, алты адам қаза тапты

0
993

Жоғалған адамдарды бірнеше күн бойы ондаған адам өз бетімен іздеді, іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылды.


Қырғызстандағы Ақ-Сай шатқалында қар көшкіні жүріп, алты адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 16 қазанында Қырғызстанның Шатқал ауданында қар көшкіні жүріп, алты адам қаза тапты, деп жазады Zakon.kz.

Құтқарушылар 18 қазанда үш адамның денесін Ақ Сай асуынан тапты, тағы үш адам бүгін таңертең, 19 қазанда табылды. Олардың арасында Қытай елінің азаматы да бар.

"9 қазанда Қаныш Кия ауылының 14 тұрғыны, сондай-ақ Қытайдың бір азаматы өсімдіктер тамырын жинау үшін тауға шығып, 16 қазанда жоғалып кетті. Олардың сегізі Қорған-Сай ауылының маңынан аман-есен табылды", делінген Қырғыз Республикасы ТЖМ баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Жоғалған адамдарды бірнеше күн бойы ондаған адам өз бетімен іздеді, іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылды.