6 қазанда Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 2:29-да күші 6 балдық жер сілкінісі болды.
Фото: pexels.com
ERNUR.KZ. 6 қазанда болған жер сілкінісі салдарынан Қырғызстанның екі облысындағы ауылдарда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға зақым келді, деп жазады inform.kz.
Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жалал-Абад және Талас облыстарында алты тұрғын үйдің, төрт мектептің, бір балабақшаның, екі фельдшерлік пункттің қабырғаларында жарық пайда болған.
Азаматтық қорғаныс қызметі ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің мамандарымен бірлесіп жергілікті жерде келтірілген шығынды бағалау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Еске салсақ, 6 қазанда Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 2:29-да күші 6 балдық жер сілкінісі болды.
Қырғызстан Республикасы ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, оның ошағы Талас жотасының аумағында орналасқан.
Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрғындары жер сілкінісін сезінді.