Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев түрмеден босатылды

0
527

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдар аралығында басқарған.


Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев түрмеден босатылды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа колониядан босатылып, емделуге кетуге рұқсат берілді, деп жазады zakon.kz.

24.kg басылымының хабарлауынша, криминалдық авторитет Азиз Батукаевты заңсыз босату фактісі бойынша Атамбаевқа қатысты қылмыстық іс Ішкі істер министрлігіне қосымша тергеуге жіберілген.

Мұндай шешімді Бішкектің Первомайский аудандық соты қабылдағаны нақтыланды. Осылайша тергеуші бұрынғы мемлекет басшысына қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы сотқа өтініш бере алады.

Алдын ала мәлімет бойынша, сот Атамбаевқа елден кетуге рұқсат берді. Мұндай шешім оның сырқатына байланысты қабылданған. Өз кезегінде дереккөз ТАСС агенттігіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Мен бүгін босадым, енді үйге барамыз", - деді ол.

2020 жылы Атамбаев мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан айырумен 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдар аралығында басқарған.