Қырғызстанның экс-президенті жедел жәрдем көлігімен сотқа жеткізілді

0
582

Алмазбек Атамбаев Бішкектің Бірінші май аудандық сотына жеткізілді. Қырғыз елінің бұрынғы басшысын жедел жәрдем көлігімен әскери қызметкерлер сүйеп әкелді.


Қырғызстанның экс-президенті жедел жәрдем көлігімен сотқа жеткізілді

ERNUR.KZ. Бүгін Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жедел жәрдем көлігімен сотқа жеткізілді, деп жазады ulysmedia.kz.

Алмазбек Атамбаев Бішкектің Бірінші май аудандық сотына жеткізілді. Қырғыз елінің бұрынғы басшысын жедел жәрдем көлігімен әскери қызметкерлер сүйеп әкелді.

Дереккөздің мәліметінше, ол Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 337-бабы "Қызмет бабын асыра пайдалану" бойынша тергеліп жатыр.


Айта кетейік, 16 маусымда сот Алмазбек Атамбаевты екі қылмыстық іс бойынша ақтады. Одан кейін түрік азаматтарына заңсыз төлқұжат беріп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталуда.