Қыркүйекте ҰҚШҰ оқу-жаттығулары Беларусь пен Қырғызстанда өтеді

0
102

2025 жылы бірлескен оқу-жаттығуларға барлығы бес мыңнан астам адам мен мыңға жуық қару-жарақ, әскери және арнайы техника тартылады.


Қыркүйекте ҰҚШҰ оқу-жаттығулары Беларусь пен Қырғызстанда өтеді

фото: Sputnik / Ертай Сарбасов

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштері қыркүйек айының басында Беларусьтегі "Лосвидо" және "Лепельский" полигондарында "Өзара іс-қимыл-2025" бірлескен оқу-жаттығуын өткізеді, деп хабарлады ұйымның Біріккен штабының басшысы Андрей Сердюков.

Оларды қамтамасыз ету үшін "Іздеу-2025" барлау күштері мен "Эшелон-2025" материалдық-техникалық қамсыздандыру қызметтері арнайы оқу-жаттығулар өткізеді, деді ол.
"Бұл оқу-жаттығуларды жүзеге асыру жоспарлары Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы қарулы күштерінің "Батыс-2025" бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуының жоспарымен тығыз байланысты", - делінген хабарламада.
Қыркүйек айының екінші онкүндігінде Қырғыз Республикасының аумағында "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығында Орталық Азия аймағының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің бөлімшелерімен "Шекара-2025" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Бір айдан кейін, қазан айының ортасында Тәжікстан Республикасындағы "Фахрабад" полигонында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен бірлескен "Мызғымас бауырластық-2025" оқу-жаттығуы өтеді.
Онымен қатар, РХҚ қорғаныс және медициналық қамтамасыз етуді құрайтын "Кедергі-2025" арнайы оқу-жаттығуы ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығуда Ұжымдық бітімгершілік күштерінің мүддесі үшін биологиялық қауіптерді жою бойынша тапсырмалар орындалады.
"Бұл оқу-жаттығулардың белсенді кезеңдері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының "Достастық терроризмге қарсы – 2025" бірлескен антитеррорлық оқу-жаттығуының қорытынды кезеңімен біріктірілген форматта өткізіледі", - деді Сердюков.
Сердюков барлық жаттығу Ұжымдық күштерді пайдалану тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулерді қамтитынын айтты.