Қытай базалық несие мөлшерлемесін төмендетті

0
322

Бұл төмендеу биылғы үшінші және ең маңыздысы болды.


Қытай базалық несие мөлшерлемесін төмендетті

Фото: Shutterstock

ERNUR.KZ. Дүйсенбіде Қытай базалық мөлшерлемелерін 25 базистік тармаққа төмендетті. Қаржы сарапшыларының атап өтуінше, бұл шара Қытай экономикасының өсуіне ықпал етеді, деп жазады inform.kz.

Ұлттық банкаралық қаржыландыру орталығының мәліметінше, бір жыл мерзімге базалық мөлшерлеме (LPR) 3,1%-ға дейін (бұрын 3,35%), ал бес жылдан астам мерзімге базалық мөлшерлеме 3,6%-ға дейін (бұрын 3,85%) төмендетілді.

Бұл төмендеу биылғы үшінші және ең маңыздысы болды.

«Мөлшерлемені түзету даму бойынша бірқатар жоғары сапалы шараларымен бірге тұтастай алғанда экономиканың тұрақты өсуіне ықпал етеді», - деп келтірді Global Times Шанхайдағы E-house China зерттеу институтының вице-президенті Ян Юэцзиннің сөздерін.

Оның пікірінше, жылжымайтын мүлік секторы үшін мөлшерлеменің төмендеуі баспана құнын айтарлықтай төмендетіп, ай сайынғы төлемдерге қысымды азайтады.

Бұған дейін Қытай Халық банкі (Орталық банк) экономиканы ынталандыру бойынша бірқатар жаңа шара, соның ішінде бұрыннан бар үйлердегі ипотекалық несие мөлшерлемелерін төмендетуді және қор нарығын қолдаудың жаңа құралдарын енгізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Еске сала кетсек, Қытайда алғашқы 3 тоқсанда жаңа банктік несиелендіру көлемі 2,2 трлн доллардан асты.