Қытай билігі Олимпиада қатысушыларына коронавирусқа қатысты талаптарды жеңілдетті

0
929

Бейжіңде Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті қатысушыларға коронавирусқа байланысты қойылған талаптарды жеңілдетті.


Қытай билігі Олимпиада қатысушыларына коронавирусқа қатысты талаптарды жеңілдетті

ERNUR.KZ. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) мәліметінде айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

ХОК мәлімдемесіне сай, ПТР-тест нәтижесі арқылы вирусты анықтау мерзімі азайтылып, «жақын араласу» мерзімі 14 күннен 7 күнге дейін қысқарады.

Вирус анықталған адамдар арнайы бөлінген «изоляторларға» карантинге орналастырылады. 10 күн карантинде отырғаннан кейін олардан КВИ симптомдары байқалмай, ПТР-тест үш күн қатарынан теріс нәтиже көрсеткен жағдайда, олар бұрын брондалған орындарына орналаса алады.

«Өзгерістер (2022 жылғы Олимпиада ойындарында коронавирусқа қарсы күрес ережелері) бірден күшіне енеді. Олар қазіргі жағдайға орайластырылып, Олимпиада қатысушыларын қолдау мақсатында жасалған», - делінген ХОК хабарламасында.

Коронавирус анықталған қатысушылар үшін «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті ХОК-пен бірге қысқа уақытта үйге оралуға мүмкіндік беретін бөлек шаралар қарастырып жатыр. Олар туралы жеке хабарланатын болады.

«Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті спортшылар мен ресми тұлғалар, Ойындарға келген мүдделі тараптар өкілдерінің арасында вирус жұқтырғандар бойынша статистика жүргізе бастады. 24 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 78-ге жеткен.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстан құрамасы Бейжіңге 27 қаңтарда ұшпақ.

XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылдың 4-20 қаңтары аралығында өтеді.