Қазіргі уақытта Қытайда Қытай–Еуропа жүк пойыздары қызметі ашылған қалалар саны 129-ға жетті.
Фото: Синьхуа
ERNUR.KZ. Қытай–Еуропа жүк пойыздарының жалпы саны 130 мыңнан асты, деп жазады inform.kz.
Осылайша, Қытай–Еуропа халықаралық теміржол жүк тасымалы бағыттары іске қосылған сәттен бері аталған қызмет аясында жөнелтілген пойыздардың жалпы саны 130 мыңнан асты.
Қазіргі уақытта Қытайда Қытай–Еуропа жүк пойыздары қызметі ашылған қалалар саны 129-ға жетті.
Бұл бағыттар Қытайды Еуропаның 26 еліндегі 235 қала және Азияның 11 еліндегі 100-ден астам қаламен байланыстырады.


