Қытай көлік есігіндегі жасырын тұтқаларға тыйым салды

0
273

Құжатқа сәйкес, жүксалғышты қоспағанда, автомобильдің әрбір есігі, сыртынан да, ішінен де механикалық түрде ашылуға тиіс.


Қытай көлік есігіндегі жасырын тұтқаларға тыйым салды

Фото: Reshetnikov_art/Shutterstock/Fotodom

ERNUR.KZ. ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі Қытайда автомобильдердегі жасырын есік тұтқаларын қолдануға тыйым салатын жаңа ұлттық қауіпсіздік стандарты бекітілгенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Аталмыш ереже 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, жүксалғышты қоспағанда, автомобильдің әрбір есігі, сыртынан да, ішінен де механикалық түрде ашылуға тиіс.

Апат кезінде электронды жүйелер істен шығып, жолаушылар қамалып қалуы мүмкін.

“Технологиялық даму тенденцияларына бейімделу үшін министрлік қауіпсіздік талаптарын әзірледі. Бұл автомобильдерді жобалау кезінде қорғаныс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді”, – деп хабарлады министрлік.

Сыртқы есік тұтқасы мен автомобиль шанағынан ара қашықтық болуға тиіс. Бұл өлшем қолғап киген адамның қолына сай есептелген. Сонымен қатар салонда есікті қолмен қалай ашу керегін көрсететін белгілер немесе суретпен берілген нұсқаулықтар орнатылуы қажет.

Аталмыш ережелер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа модельдер үшін міндетті болады. Ал қазір сатылып жатқан көліктерге жаңа ережелер бірден қолданылмайды. Оларға дайындау, өзгерту немесе бейімдеуге 2029 жылдың қаңтарына дейін уақыт берілген.

China Daily мәліметінше, жаңа стандарт нарықтың едәуір бөлігін қамтиды. Өйткені Қытайдағы ең көп сатылатын 100 электромобильдің шамамен 60%-ында жасырын тұтқалар бар. Олардың ішінде Nio ES8, Li Auto i8, Xiaomi YU7 және XPeng P7 бар.