Қытай «Титаниктің» көшірмесі түріндегі қонақ үй салып жатыр

0
793

Кеменің құрылысы 7 жыл бұрын басталды.


Қытай «Титаниктің» көшірмесі түріндегі қонақ үй салып жатыр

ERNUR.KZ. Қытайда атақты «Титаник» лайнерінің дәл көшірмесі түріндегі қонақ үй салынып жатыр, деп жазады 24.kz.

Кеменің құрылысы 7 жыл бұрын басталды. Ерекше нысан жыл сайын бес миллионға дейін турист тартады деп күтілуде. Қонақ үй құрылысы «Титаник» кемесінің құрылысына қарағанда үш жылға көп уақытты алды.

Ал оның құны 155 миллион долларға бағаланады. Пароход нөмірінде бір тәулік тұру шамамен үш жүз доллар немесе 130 мың теңге төңірегінде. Сәулетшілердің пікірінше, кеме ішіндегі асханадан сәнді шкафтарға дейінгі барлық бөлмелер түпнұсқа «Титаник» стилінде жасалады.