Қытайда 5,2 магнитудалы жер сілкінісінен үш адам зардап шекті

0
424

Олар ауруханаға ем қабылдауға жіберілді.


Қытайда 5,2 магнитудалы жер сілкінісінен үш адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Сейсенбі күні кешке Қытайдың оңтүстік-батысында Юньнань провинциясы Баошань қаласы аумағында 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болып, үш адам жеңіл жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Олар ауруханаға ем қабылдауға жіберілді. Жарақаттары жеңіл. Жергілікті билік үшінші деңгейлі табиғи апатқа жедел әрекет ету тетігін іске қосып, зардап шеккен аумаққа апаттық-құтқару қызметін шұғыл жіберді.