Қытайда химиялық зауыттағы жарылыстан кейін 8 адам хабарсыз кетті

0
451

Жарылыс салдарынан бес адам қаза тауып, тағы сегіз адам із-түзсіз жоғалып кетті.


Қытайда химиялық зауыттағы жарылыстан кейін 8 адам хабарсыз кетті

ERNUR.KZ. Қытай билігі Ляонин провинциясында (Солтүстік-Шығыс Қытай) химиялық зауытта болған жарылыстан кейін жоғалып кеткен адамдарды іздеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Жарылыс салдарынан бес адам қаза тауып, тағы сегіз адам із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға Паньшань уезіндегі күкірт қышқылын алкилдеу зауытында жөндеу жұмыстары кезінде болған.

Қытай министрлігінің мәліметінше, операцияға кәсіби құтқару бөлімшелері жұмылдырылған, оның ішінде 443 өрт сөндіруші және 105 өрт сөндіру көлігі бар.