Қытайда Лабубу ойыншығына арналған "дәрігерлер" пайда болды

0
176

Жөндеу құны ойыншық құнының 10%-на тең.


Қытайда Лабубу ойыншығына арналған

Фото: streetstyletrend.ru

ERNUR.KZ. Лабубу ойыншығына деген сұраныс Қытайда жаңа бизнестің пайда болуына әкелді, деп жазды stan.kz.

Қытайда Лабубуға арналған “ойыншық дәрігерлері” пайда болған. Олар мұндай қуыршақтарды сынған соң жөндейді.

Жөндеу құны ойыншық құнының 10%-на тең.

"Мұндай қуыршақтарды көбіне сөмкеде алып жүреді, бұл олардың бүлінуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар қуыршақтар кірленеді, ал "ойыншық дәрігерлер" олардың тазалығын қалпына келтіруге көмектеседі", – делінген хабарламада.

"Дәрігерлердің" бірі соңғы айда 100-ге жуық қуыршақты жөндегенін айтты.