Қытайда шөл жасыл алқапқа айналды

0
1 329

Шөлдің аумағы 42 200 шаршы шақырым болатын.


Қытайда шөл жасыл алқапқа айналды

ERNUR.KZ. Қытайдағы ең басты төрт шөлдің бірі. Ол солтүстік-батыстағы Шэнси провинциясының картасынан жойылды. Себебі бос жердің 93,25 пайызы жасыл алқапқа айналды, деп жазады тengrinews.kz.

Шөлдің аумағы 42 200 шаршы шақырым болатын. Бұрын бұл жерде ағаш болмады. Шөлдің шетінде орналасқан Юйлинь қаласы құмды желдің салдарынан үш рет оңтүстікке қарай көшуге мәжбүр болды.

1959 жылдан бастап жергілікті тұрғындар құмды желді ұстап тұру үшін ағаш еге бастады. Қаншама жыл бойы еткен еңбектің арқасында олар жасыл бөлікті солтүстікке қарай 400 шақырымға дейін ұлғайтты.