Билік құрған тұзақтарға тек 8 қолтырауын түскен.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Қытайда «Хайкуй» тайфунынан болған су тасқыны кезінде жануарлар фермасынан ондаған қолтырауын шығып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Маомин қаласындағы (Гуандун провинциясы) көл арнасынан тасығанда жағалаудағы 75 қолтырауын сыртқа шығып кеткен.
Олардың кейбірі тірі ұсталды, ал басқаларын жергілікті билік «қауіпсіздік мақсатында» атып немесе электр тогымен өлтірді.
Мемлекеттік ақпарат құралдарының мәліметінше, билік құрған тұзақтарға тек 8 қолтырауын түскен.
«Қашқындарды» ұстауға қатысып жатқан өрт сөндірушілердің бірінің айтуынша, ауланған ересек қолтырауынның орташа салмағы шамамен 75 келі, ұзындығы 2 метрден асады.
Маомин қаласында (Гуандун провинциясы) бірнеше қолтырауын фермасы орналасқан. Олар тері үшін де, ет үшін де өсіріледі.
Билік фермаға жақын маңдағы кенттердің тұрғындарынан қауіпсіздік мақсатында үйден шықпауды сұрады.
Айта кетейік, Гонконг, Тайвань, Жапония және Қытайдың бір бөлігін аралап үлгерген «Хайкуй» тайфуны оңтүстік Азияны бір аптадан астам уақыт дүрбелеңге салуда. Табиғи апат салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалды, ал Қытайдың оңтүстігінде тайфун лай көшкіні мен су тасқынына әкеп соқты.