Қытайда толассыз жауған жаңбыр 15 адамның өмірін қиды

0
844

Тағы төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті.


Қытайда толассыз жауған жаңбыр 15 адамның өмірін қиды

ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласында 3 шілдеде басталған толассыз жауын салдарынан 15 адам қаза тапты. Ауа райының қолайсыздығынан тағы төртеуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

EADaily агенттігінің хабарлауынша, Қытай ұлттық метеорологиялық орталығы ауа райына байланысты басқа аймақтарда қауіптің «сары» деңгейінің жалғасқанын ескертеді.

Басылым мәліметінше, жылы ағыс үлкен аумақтарға әсер етеді. Бейжің мен Тяньцзинь қалаларында, Хэбэй, Шаньдун, Хэнань, Хунань, Цзянси, Фуцзянь, Гуандун провинцияларында, сондай-ақ Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында аномалиялық жоғары ауа температурасы болатыны ескертілді. Ауа райы болжамына сәйкес, ауа 35 градусқа дейін жылынады.

Сонымен қатар Бейжің, Тяньцзинь және Хэбэй, Шаньдун және Хэнань провинцияларында ауа температурасы 40 градустан жоғары болуы мүмкін. Метеорологиялық орталық жергілікті тұрғындарға аптап ыстықтан сақтану үшін көшеде уақытын қысқартуға және ылғалдануға кеңес береді.