Қазақстан жұмыртқа импорттауға тыйым салды

0
54

Шектеу жұмыртқа тасыйтын барлық көлік түріне қатысты.


Қазақстан жұмыртқа импорттауға тыйым салды

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Қазақстанда тауық жұмыртқасын ел аумағына әкелуге екі ай мерзімге тыйым салынды. Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілетін жұмыртқаға да қатысты, деп жазады sputnik.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге екі айға шектеу енгізіледі. Шектеу жұмыртқа тасыйтын барлық көлік түріне қатысты.
Алайда бұйрықта бірқатар ерекшелік қарастырылған. Атап айтқанда:
Жұмыртқаны Қазақстан аумағы арқылы транзитпен, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен екінші мемлекетке тасымалдауға рұқсат етіледі;
Бұйрық күшіне енгенге дейін экспорттаушы елде экспорттық кедендік рәсімге орналастырылған, алайда Қазақстан аумағына бұйрық күшіне енгеннен кейін жеткізілетін жұмыртқаларды тауарларға арналған экспорттық немесе транзиттік декларация ұсынылған жағдайда әкелуге рұқсат етіледі;
Бұйрық күшіне енгенге дейін Қазақстан аумағына нақты жеткізілген жұмыртқаларға ілеспе жүкқұжат болған жағдайда шектеу қолданылмайды.
Айта кетері, Қазақстанда бұған дейін сәуір айында да тауық жұмыртқасын импорттауға алты ай мерзімге тыйым салынған болатын.