Әуежай ғимаратының шатыры 25 футбол алаңы еркін сыйып кететіндей ауқымды.
ERNUR.KZ. Бейжіңде әлемдегі ең ірі халықаралық Дасин аэропортының құрылысы аяқталды деп жазады Qamshy.kz.
"Дасин-бұл жай ғана әуежай емес 400 миллиард юань (60 миллиард доллар) қаражат жұмсалған Қытайдағы ең үлкен транспорттық хаб", - дейді Дасин әуежайының құрылыс жобасының басшысы Ли Цзиньхуа
Аумағы бір миллион шаршы метрді құрайтын "Алтын феникс" түріндегі жалғыз терминалы бар аэропортты қолданысқа беруді ҚХР білім саласының 70жыл толуына орай 30-қыркүйекке жоспарлап отыр. Жоба Си Цзиньпиннің жеке бақылауында.
Дасин әуежайы қала орталығынан 46 шақырым қашықтықта орналасқан. Әуежай салудағы басты мақсат - әлемнің ең көп ұшақ тоқтайтын әйежайларының бірі Шоуду әуежайының қызметін жеңілдету болатын.
Әуежай ғимаратының шатыры 25 футбол алаңы еркін сыйып кететіндей ауқымды. Оның дизайнымен әлемге танымал архитектор Заха Хадид айналысқан.