Қытайдың Ұлттық обсерваториясы бейсенбі күні Саола тайфуны қаупінің қызыл деңгейін жариялады.
ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы бірнеше қалада осы аймаққа таяп қалған Саола тайфунына байланысты жаңа оқу жылындағы семестр кейінге қалдырылып, пойыздардың қозғалысы тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Шаньтоу, Шаньвэй, Цзеян және Чаочжоудың бастауыш және орта мектептеріндегі сабақтар дүйсенбіге қалдырылды.
China Railway Guangzhou Group Co-ның хабарлауынша, Гуандун мен Гуанчжоу мен Шеньчженге баратын пойыздар бейсенбіден дүйсенбіге қалдырылды.
Провинцияның су тасқыны, құрғақшылық және тайфундармен күрес жөніндегі штабы төтенше жағдайларға әрекет ету деңгейін бейсенбі күні таңғы сағат 8-ге дейінгі уақытқа жеткізді.
Тайфун Шаньвэй қаласына жұма күні соғады деген болжам бар. Су тасқыны, құрғақшылық және тайфундармен күрес жөніндегі қалалық штаб өнеркәсіп кәсіпорындары, қоғамдық көлік қозғалысы, мектептердегі сабақтар мен бизнес-операцияларды жұмаға дейін, яғни төтенше жағдайларға әрекет ету деңгейін 1-ші деңгейге жеткізгенге дейін тоқтату жөнінде жарлық шығарды.
Қытайдың Ұлттық обсерваториясы бейсенбі күні Саола тайфуны қаупінің қызыл деңгейін жариялады. Бұл елдің жайсыз ауа райы туралы хабарландырудың төрт деңгейлі жүйесінің ең жоғарғысы.