Билік ұйымдасқан қылмыспен күрес жариялағалы шамамен 200 мың азамат көз жұмды және тағы 30 мың адам із-түссіз жоғалып кетті.
ERNUR.KZ. Мексикада мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан муниципалитеттің мэрін ант қабылдағанына бір жарым сағат болғанда өлтіріп кетті, деп жазады sputniknews.
Алехандро Апарисиоға шабуыл кезінде тағы екі адам жарақат алды. Оахаки штатының бас прокурорының хабарлауынша, шабуыл жасаған күдікті қолға түсті.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы мемлекет кісі өлтіру бойынша әлемде екінші орын алды: 23 мың адам көз жұмды. Бірінші орында 2011 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатқан Сирия тұр. Мексикада билік ұйымдасқан қылмыспен күрес жариялағалы шамамен 200 мың азамат көз жұмды және тағы 30 мың адам із-түссіз жоғалып кетті.