Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: RTC Southern Nevada
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында спортзалда атыс болып, екі адам көз жұмды, мерт болғандардың бірі шабылдаушы, деп жазады kaz.inform.kz.
АР мәліметтеріне қарағанда, оқиға 17 мамыр күні болды. Оқиға салдарынан кемінде тағы 3 адам жарақат алды. Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдарының өкілдері спортзалға кіреберісте оқтан жарақат алған ер адамды көрді.
Лас-Вегас қаласы плициясының капитаны Эсмеральда Боведаның айтуынша, күдікті ізін жасырмақ болған, алайда полиция қызметкерлері оған оқ атып, ескерту жасап тоқтатқан. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.