LG мобильді телефон өндірісін тоқтатады

0
1 768

Мұндай шешім қабылдауға шығын мен нарықтағы бәсекелестіктің жоғары болуы мәжбүр еткен.


LG мобильді телефон өндірісін тоқтатады

ERNUR.KZ. Шығын мен нарықтағы бәсекелестіктің жоғары болуы компанияның осындай шешім қабылдауына себеп болған. Оңтүстік Кореяның LG Electronics корпорациясы ұялы телефон нарығынан кететінін жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Мұндай шешім қабылдауға шығын мен нарықтағы бәсекелестіктің жоғары болуы мәжбүр еткен. Агенттіктің мәліметіне сенсек, компания вьетнамдық Vingroup корпорациясы мен Volkswagen неміс автоконцерніне мобильді құрылғылар өндірісін сатпақшы болған, бірақ тараптар келісімге келе алмаған.

LG ұялы телефондарының өндірісі 2015 жылдан бастап шығынға ұшырай бастады. Компанияға келген шығын көлемі өткен жылы 4,4 млрд долларға жеткен болатын.