Әзербайжан 2027 жылы Каспий теңізі жөніндегі комиссияға төрағалық етеді

0
112

Төрағалық ету құқығы Бакуге 2025-2026 жылдары ұйымға жетекшілік ететін Түрікменстаннан өтеді.


Әзербайжан 2027 жылы Каспий теңізі жөніндегі комиссияға төрағалық етеді

ERNUR.KZ. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әзербайжан Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссиясына төрағалық етеді. Төрағалық ету құқығы Бакуге 2025-2026 жылдары ұйымға жетекшілік ететін Түрікменстаннан өтеді. Бұл туралы Бакуде өткен I Әзірбайжан өңірлік аквакультура форумында Түрікменстан Каспий теңізі институтының директоры Мурад Атаджанов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, комиссияның оныншы отырысын желтоқсан айында өткізу жоспарлануда.

Әзербайжан 2027-2028 жылдары төрағалық ететін болады.

Комиссияны 1992 жылы Әзербайжан, Ресей, Қазақстан және Түрікменстан құрған. 2002 жылы оған Иран қосылды.