Ақтаудағы емханада шу шықты: науқастардың мәліметі бар қағаз анализге жолдама ретінде тарап кеткен

0
116

​Медициналық құжаттардың екінші таза беті анализдерге жолдама ретінде пайдаланылған.


Ақтаудағы емханада шу шықты: науқастардың мәліметі бар қағаз анализге жолдама ретінде тарап кеткен

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Ақтаудағы №1 қалалық емханада науқастардың жеке мәліметі жазылған қағаз тарап кеткені жөнінде ақпарат тарады. Осы жағдайға байланысты емхана басшысы агенттік тілшісіне жағдайды түсіндіріп берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, медициналық құжаттардың екінші таза беті анализдерге жолдама ретінде пайдаланылған. Міне, дәл осы қағаздарда науқастардың жеке мәліметтері, ЖСН, мекенжайы мен телефон нөмірі жазылған көрінеді.

Қалалық емхананың басшысы Игілік Серікбаев агенттік тілшісіне берген пікірінде осы жағдайға байланысты мекеме ішінде тексеріс жүріп жатқанын мәлім етті.

«Бүгін түстен кейін осы жағдайға байланысты емхана қызметкерлерінің басын қосып, үлкен жиналыс өткіземіз. Қазіргі уақытта науқастардың жеке мәліметтері жазылған құжатты анализге жолдама ретінде қай участок бергені нақты белгісіз. Осы тұста емхана қызметкерлеріне науқастардың жеке мәліметін құпия сақтау қажет екені жөнінде кезекті рет түсіндірдік әрі қатаң ескерту жасадық», – дейді мекеме басшысы.

Ол өз сөзінде науқастардың жеке мәліметтері қай учаскеден тарағанын білетін кез келген адамның хабарласуын өтінді.