Ливияның өнеркәсіптік аймағында жойқын жарылыс болды

0
213

Тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріледі.


Ливияның өнеркәсіптік аймағында жойқын жарылыс болды

ERNUR.KZ. Ливияның Мисурата қаласының Скират ауданындағы өнеркәсіптік аймақ маңында жойқын жарылыс болды, деп жазады inbusiness.kz.




Жексенбі күні ел астанасы Триполиден шығысқа қарай 200 шақырым жердегі Мисурата қаласының Скират ауданындағы өнеркәсіптік аймақ маңында жойқын жарылыс болды. Ақпарат Ливияның "Аль-Масар" телеарнасында жарияланды. Оқиғаның себебі туралы ресми ақпарат жарияланбады.

Мисурата медициналық орталығының ресми өкілі Мұхаммед Әл-Нихумның сөзінше, 6 адам жеңіл және орташа деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға түскен.

Жарылыстан кейін жақын маңдағы тұрғын үйлер зардап шеккен. Билік жақын орналасқан аудандардағы тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Оқиға орнына жақын жолдар жабылды.

Ливияның Ұлттық қауіпсіздік басқармасы мен Мисурата медициналық орталығы төтенше жағдай жариялады.