"Лукойлдың" бұрынғы топ-менеджері Мытищиде өлі табылды

0
784

"Лукойлдың" бұрынғы топ-менеджері, миллиардер Александр Субботин Мытищиде емшінің үйінен өлі табылды.


ERNUR.KZ. Болжам бойынша, Субботин ол жерге емделуге барған, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, емші Магуа мен оның әйелі емделушілерді жеке үйде қабылдайтын болған. Сондай-ақ, Субботин ерлі-зайыптылардың қызметін үнемі пайдаланғаны белгілі болды. Соңғы сапары кезінде жүрегі ауырған. Емшілер жедел жәрдем шақырудың орнына Субботинге қандай да бір дәрі беріп, төсекке жатқызған, бірақ миллиардер қайтыс болған.

Полиция шақыртуымен келген емшілер марқұммен тату-тәтті болғанын айтқан.

Субботиннің неден қайтыс болғанына қатысты тергеу жалғасады.