Эпицентрдегі сілкініс күші бойынша бұл сейсмикалық жағдай “қуатты” деп бағаланып отыр.
Фото: І.point.md/ru
ERNUR.KZ. Жұма күні Филиппин аралдарының Минданао аралының шығыс жағалауындағы Филиппин теңізі акваториясында магнитудасы 7,2 балдық жер асты дүмпуі тіркелді, жазады stan.kz.
Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалының мәліметінше, жерасты дүмпуі Мәскеу уақытымен сағат 04:44-те тіркелген жер сілкінісінің эпицентрі Минданао аралындағы Бислиг қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 115 шақырым жерде болған.
Эпицентрдегі сілкініс күші бойынша бұл сейсмикалық жағдай “қуатты” деп бағаланып отыр.
Бұдан бөлек, Алтай–Саян филиалының мәліметінше, сол аймақта Мәскеу уақытымен 06:32-де магнитудасы 5,7 болатын афтершок тіркелген. Оның эпицентрі Бислигтен оңтүстік-шығысқа қарай 121 шақырымда орналасқан және ол “талқандайтын” деңгейде болған.
АҚШ Геологиялық қызметі алғашқы жер сілкінісінің магнитудасын 7,4 деп бағалады. Олардың дерегінше, жер сілкінісінің ошағы 58,1 шақырым тереңдікте болған.