Маман ұялы телефон туралы жұрт біле бермеймін ақпаратты жария етті

0
2 513

Apple Watch-та жүрек соғысын жазатын, жүрек соғу жиілігін есептейтін, электрокардиограмма нәтижелерін дәрігерге жіберетін "ЭКГ" қосымшасы бар.


Маман ұялы телефон туралы жұрт біле бермеймін ақпаратты жария етті

ERNUR.KZ. Заманауи технологиялар денсаулыққа қатысты кейбір проблеманы өз бетінше анықтап, емдеуге сеп болады. Телефон, сағат, білезік көмегімен дертті анықтау мүмкіндігі бар. Бұл туралы профессор Андрей Ардашев айтты, деп жазады nur.kz.

Ғалым "ақылды сағатты" мысалға келтірді. Apple Watch-та жүрек соғысын жазатын, жүрек соғу жиілігін есептейтін, электрокардиограмма нәтижелерін дәрігерге жіберетін "ЭКГ" қосымшасы бар.

Ал хирургиялық жағдайды көрсететін имплантацияланған медициналық құрылғылар (кардиостимулятор және дефибриллятор) ауруды анықтап қана қоймай, емдей де алады.

Маманның сөзінше, жаңа құрылғыларды жобалау кезінде медицина және инженерия деп бөлген тиімді. Өйткені дәрігерлерге жаңа технологиялар туралы ақпарат жетіспейді. Ал технологияны ойлап табушы мамандардың медицинадан хабары жоқ. Ал бұл келеңсіз жағдайға алып келуі ықтимал.