​Марокко алғашқы «шыбын фабрикасын» ашты

0
150

Бұл технология зиянкестердің санын азайтуға және химиялық пестицидтерге тәуелділікті төмендетуге де ықпал етеді.


​Марокко алғашқы «шыбын фабрикасын» ашты

Фото: Азертадж

ERNUR.KZ. Марокконың Агадир қаласында цитрусты дақылдарды ауыл шаруашылығы зиянкестерінен қорғауға бағытталған алғашқы стерильді шыбын өндіретін зауыт ашылды, деп жазады inform.kz.

Бұл инновациялық жоба Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) мен БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Ол стерильді жәндіктер технологиясына негізделген. Бұл әдіс бойынша еркек жәндіктер қоршаған ортаға жіберілер алдында сәулелендіріледі, соның нәтижесінде олардың көбею қабілеті жойылады, деп жазады марокколық Akhbarona электронды газеті.
Бұл технология зиянкестердің санын азайтуға және химиялық пестицидтерге тәуелділікті төмендетуге де ықпал етеді.
Зауыттың басты мақсаты — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цитрусты дақылдар саласындағы ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру. Бұл сектор Мароккода мыңдаған отбасының күнкөріс көзі саналады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл жоба Марокконы ауыл шаруашылығы зиянкестерімен заманауи ғылыми әдістер арқылы күресетін алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосады. Сонымен қатар, экология мен ауыл шаруашылығындағы мәселелерді халықаралық деңгейде бірлесіп шешуге қосқан үлесін көрсетеді.