Мароккода қатты жер сілкінісі болып, 296 адам қаза тапты

0
1 180

Telegram арналарда жер сілкінісі кезіндегі көріністің суреттері мен видеолары тарай бастады.


Мароккода қатты жер сілкінісі болып, 296 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Бір күн бұрын Мароккода 6.9 баллдық күшті жер сілкінісі болды. Жергілікті БАҚ 296 адамның қаза тапқанын хабарлайды. Көптеген ғимарат қирандыға айналды. Елдің кейбір аймақтарында жарық өшіп, сумен жабдықтау желісі де жартылай істен шыққан, деп жазады zakon.kz.

Telegram арналарда жер сілкінісі кезіндегі көріністің суреттері мен видеолары тарай бастады. Одан ғимараттардың құлап, көліктердің аударылып, адамдардың жаппай тұрғын үйлерден сыртқа қашып шыққанын көруге болады. Билік жер сілкінісі қайталанып жүрмейді ме деп қауіптеніп отыр.

Жер асты дүмпулері ел астанасы - Рабаттан корольдіктің оңтүстігіндегі Сиди-Ифни қаласына дейін сезілді.

Al-Arabiya басылымының хабарлауынша, 296 адам құрбан болған. 30-дан астам ғимарат қираған. Ауруханалар адамдарға толып кеткен.

Жер сілкінісінің ошағы миллионға жуық халқы бар елдегі ең ірі қалалардың бірі - Марракештен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 70 шақырымда орналасқан. Қала тұрғындарының көпшілігі дүрбелеңге салынып, үйлерін тастап кетті, өйткені олар зілзала тағы қайталанады деп қауіптенеді.

Зардап шеккендер мен құрбандардың нақты саны әлі нақтыланатын болады.