Әкесі - 41 жастағы Роман, бұрынғы қарыздарын жабу үшін қызының атына 1,4 миллион рубль көлемінде микрокредит алғызбақ болған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Мәскеуде 15 жастағы Алиса есімді оқушы өз әкесін пышақтап өлтірді, себебі ол әпкесі Марьянаны ұрып, қорқытып, оның атына микрокредит рәсімдеуге мәжбүрлеген. Оқиға 20 жастағы студент қыз колледжге кетуге дайындалып жатқан сәтте басталған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әкесі - 41 жастағы Роман, бұрынғы қарыздарын жабу үшін қызының атына 1,4 миллион рубль көлемінде микрокредит алғызбақ болған. Қыз бас тартқанда, ашуға мініп, қол көтеріп, пышақ алып, Марьянаның қолын жарақаттап, шашынан сүйреп, қорлық көрсеткен.
Алиса әкесінің әпкесін ұрып жатқанын көріп, асүй пышағын алып, оны бірнеше рет мойын тұсына сұғып алған. Тергеуде ол әкесіне әдейі шабуыл жасағанын айтып, оның өлуін қалағанын мойындады.
«Мен оны тоқтатқым келді. Мақсатым — әпкемді құтқару болды», — деген қыз тергеушілерге.
Әкесі жарақат алғаннан кейін де қыздарға шабуыл жасауға тырысқан, бірақ көп қан жоғалтып, асүйде көз жұмған.
Көршілер мен таныстар бұл отбасыны тыныш әрі тәртіпті отбасы деп сипаттаған. Қыздар оқу үлгерімі жақсы, ешқашан тәртіп бұзбаған.
Алайда әкесі Роман бұрын:
- Полиция қызметкеріне шабуыл жасаған,
- Есірткі заттарын сақтаған,
Амфетамин сатып алмақ болғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған. Сонымен қатар, несие қарыздары үшін өндіріс амалдары жүргізілген.
Көршілердің айтуынша, ол ішімдік пен жеңіл есірткіге құмар болған, кейде үйінен айғай-шу, қатты музыка естіліп тұрған.
Қайғылы оқиға кезінде қыздардың анасы жұмыста – балалар стоматологиясында медбике болып қызмет еткен. Қазір ол шок жағдайында, ал Алиса пәтерде ұсталып, тергеуге алынған.
Сот ҚР ҚК 105-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін қарап жатыр. Алиса қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен, сондықтан оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Оқиға болған таңертең пәтерден айқай-шу естілген, тіпті кейбір көршілердің балалары қорқып қалған. Бірақ көмекке ешкім келмеген.
«Біз балаларымызбен қорқып қалдық. Шырылдап жатқан дауыс шықты», – дейді тұрғындардың бірі.