Қаза болғандардың 75-інің жеке басы анықталған, 40 адам оқтан, 45 адам өрттен, екеуі емдеу мекемелерінде қаза болған.
ERNUR.KZ. "Крокус Сити Холлдағы" теракт салдарынан қаза тапқандар саны 139-ға жетті. Бұл туралы 25 наурызда Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин президент Владимир Путинге теракт төңірегіндегі жағдай туралы баяндау кезінде айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Қаза болғандардың 75-інің жеке басы анықталған, 40 адам оқтан, 45 адам өрттен, екеуі емдеу мекемелерінде қаза болған.
Бастрыкиннің айтуынша, тергеу ойын-сауық орталығында болған оқиғалардың толық хронологиясын анықтап қойған.
"Төрт адамға айып тағылды. Жауап алу кезінде және сотта олардың барлығы кінәсін мойындап, тапсырыс берушілер мен оларға көмектескен тұлғалар туралы егжей-тегжейлі айғақ берді. Тергеу барысында қылмыскерлерге көлік, пәтер және ақша берген тағы үш адам ұсталды", - деді тергеу комитетінің басшысы.