Мекке маңында дрон атып түсірілді

0
113

Сауд Арабиясы Йеменді Меккеге дрон ұшырды деп айыптады.


Мекке маңында дрон атып түсірілді

Фото: bumppy.com

ERNUR.KZ. Елдің Қорғаныс күштері ұшқышсыз ұшу аппаратын Меккенің оңтүстігінде, қалаға кіруге тыйым салынған әуе аймағына жетпей қағып түсірді, деп жазады inbusiness.kz.

Сауд Арабиясы бастаған әскери одақ "Хуситтер қасиетті орындар мен азаматтық нысандарға шабуыл жасады" деп айыптап, халықаралық қауымдастықты бұған қарсы әрекет етуге шақырды.

Ал хуситтердің әскери өкілі Яхья Сари Меккеге жасалған шабуылды теріске шығарды. Ол тек мұнай нысандары мен әскери базаларды қарауылға алғандарын айтады.

Сауд Арабиясының ресми өкілдері бұл жайт қауіпсіздік тұрғысынан алаңдаушылық тудыратынын айтты. Өйткені Меккеде мұсылмандар үшін қасиетті орындар орналасқан және қалаға жыл сайын миллиондаған адам қажылық сапарға келеді.