Куәгерлердің айтуынша, ойыншыларға ұйымдасқан топ мүшелері шабуыл жасаған.
ERNUR.KZ. Мексиканың Гуанахуато штаты Уриангато ауданында белгісіз қарулы адамдар әуесқой футбол матчы кезінде ойыншыларға оқ жаудырды, деп хабарлайды Хабар24.
Салдарынан төрт ойыншы қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алды. Бұл туралы El Universal хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, ойыншыларға ұйымдасқан топ мүшелері шабуыл жасаған. Сонымен қатар атыс басталмай тұрып стадионның жанында бірнеше жарылыс болды. Шабуыл кезінде ойыншылардың көпшілігі стадионға іргелес жатқан зиратқа жасырынған.