Мексикадағы бильярд залына шабуыл: 8 адам ажал құшты

0
859

Зардап шеккендердің арасында екі кәмелетке толмаған жасөспірім бар.


Мексикадағы бильярд залына шабуыл: 8 адам ажал құшты

ERNUR.KZ. Мексикада Ирапуато қаласындағы (Гуанахуато штаты) бильярд залында қарулы шабуыл салдарынан сегіз адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

La Jornada басылымның дерегінше, екі адам ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болып, тағы екеуі медицина мекемесінде көз жұмған. Зардап шеккендердің арасында екі кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Әзірге бұл оқыс оқиғаның себеп-салдары белгісіз болып отыр. Шабуыл жасағандардың ізін суытпай ұстаудың сәті түспеген.