Табиғаттану сабағында екі бірінші сынып оқушысы жерге түскен жапырақтарды жинап жүрген кезде аралар шағып алған.
ERNUR.KZ. Бейсенбі күні Токионың Омэ қаласындағы бастауыш мектеп аумағында 20 бірінші сынып оқушысы мен екі мұғалім аса ірі және улы араның шағуынан зардап шекті, деп жазады baq.kz.
Asahi телеарнасының хабарлауынша, оқиға шамамен таңғы 9:30-да Имаи бастауыш мектебінің аумағындағы ферма жанында болған.
Білім кеңесінің мәліметінше, табиғаттану сабағында екі бірінші сынып оқушысы жерге түскен жапырақтарды жинап жүрген кезде аралар шағып алған. Кейіннен аралардың ұясы ферманың жер астында орналасқаны анықталды.
Барлығы 22 адам жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алды.