Депутаттардың айтуынша, бұл заң Ресейдің қауіпсіздігі, қорғанысы мен конституциялық құрылысына қарсы қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
фото: Sputnik / Виталий Белоусов
ERNUR.KZ. Мемлекеттік дума Ресей Федерациясы кірмейтін халықаралық ұйымдарға қатысы бар адамдарды шетелдік агент ретінде тану туралы заң жобасын қабылдады, деп жазады sputnik.kz.
Бұл бастаманы дума төрағасы Вячеслав Володин, оның орынбасары Ирина Яровая, "Біртұтас Ресей", Коммунистік партия, "Шындықты жақтайтын Әділетті Ресей" мен Либералды-демократиялық партия фракцияларының жетекшілері мен мүшелері, барлығы 400 депутат көтерді.
Заңға сәйкес, Ресей Федерациясы кірмейтін халықаралық ұйымдардың (мәселен, Халықаралық қылмыстық сот) немесе шетелдегі мемлекеттік органдардың шешімдерін орындауға қатысатын адамдар шетелдік агент болып танылады. Әскери-техникалық қызмет саласында мемлекетке қарсы қолдануға болатын мәліметтерді жинаған, сондай-ақ осы сипаттағы хабарламаларды таратқан және оны дайындауға қатысқан адамдар да шетелдік агент ретінде жауапқа тартылады.
Дума төрағасының орынбасары Ирина Яроваяның айтуынша, заңға енгізіліп отырған шешімдердің бәрі Ресейдің әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне, елдің әрбір азаматына қарсы қылмыстар үшін нақты жауапкершілікті бекітуді көздейді. Ал дума төрағасы Володин осы заң Ресей мен оның азаматтарын сыртқы жаудан қорғап, Ресейдің қауіпсіздігі, қорғанысы мен конституциялық құрылысына қарсы қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді.