Меркельдің орнына кім келетіні белгілі болды

0
2 457

Сайлау алды кампанияға бірнеше кандидат қатысыпты.


Меркельдің орнына кім келетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Германияда басқарушы "Христиан-демократиялық бірлестігі" партиясының жаңа төрағасы Армин Лашет болды, Бұған дейін, бұл лауазымды Ангела Меркель атқарған еді, деп жазады Stan.kz.

Сайлау алды кампанияға бірнеше кандидат қатысыпты. Олардың арасында парламенттік фракциясының экс-басшысы Фридрих Мерц пен Бундестагтың сыртқы істер комитетінің басшысы Норберт Реттген де бар.

Еске салайық, бұған дейін Ангела Меркель енді канцлер болмайтынын жариялаған еді. Ол бұл лауазымды 2005 жылдан бері атқарған. Меркель Германия тарихындағы ең алғашқы әйел-канцлер атанған болатын.