Моңғолияда Қазақ киносының күндері аясында "Қазақфильмнің" фильмдері көрсетілді

0
992

Аталған іс-шараны ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған.


Моңғолияда Қазақ киносының күндері аясында

ERNUR.KZ. Моңғолияның астанасы Ұлан-Батырда 28 мен 30 қараша аралығында Қазақ киносының күндері аясында Ермек Тұрсыновтың "Шал" және "Шырақшы", сондай-ақ, Рүстем Әбдірашевтың "Қазақ хандығы. Алтын тақ" және Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмдері көрсетіліп жатыр, деп жазады baq.kz.

Бұл туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген.

Аталған іс-шараны ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде ҚР Монғолиядағы елшілігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырған.

Айта кетсек, Қазақ киносының күндері 28 қарашада Рүстем Әбдірашевтың "Балалық шағымның аспаны" фильмімен ашылды.
Кинотуынды Қазақстанның Тұңғыш пезиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы туралы баяндайды.

Мәдениет саласындағы екіжақты қатынасты нығайтуға бағытталған Қазақ киносының күндері жобасының мақсаты – моңғол көрермендерін
Қазақстанның бүгінгі киноматографиясымен, халқымыздың тарихы және дәстүрімен таныстыру болып табылады.