Моргенштерннің Бішкектегі концерті өтпейтін болды

0
743

Бішкектегі ұйымдастырушылардың айтуынша, орындаушы - Әлішер Моргенштерннің өнер көрсетуіне қарсылық білдірген белсенділер тобы наразылық акциясына бастамашы болған.


Моргенштерннің Бішкектегі концерті өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы ресейлік орындаушы өнер көрсетуі тиіс Alga Fest фестивалінің ұйымдастырушылары Instagram желісінде мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бішкектегі ұйымдастырушылардың айтуынша, орындаушы - Әлішер Моргенштерннің өнер көрсетуіне қарсылық білдірген белсенділер тобы наразылық акциясына бастамашы болған.

«Бір аптадан болды, бізге әртіс пен біздің ұйымға қоқан-лоққы көрсеткен хабарламалар мен қоңыраулар күн сайын келіп жатыр. Бүгін Мәдениет министрлігіне наразылық тобы жетіп, бұл мәселе Жогорку Кенеште де көтерілді. Өкінішке қарай, біз Әлішердің қойылымын тоқтатуға мәжбүр болдық», - дейді ұйымдастырушылар

Сондай-ақ олар бұл шешімге байланысты үлкен шығынға ұшырағандарын, соған қарамастан фестиваль әлі де өтуі үшін билеттер бағасын төмендетуге дайын екендіктерін хабарлады.