Мұрын бітуі коронавирустың жаңа симптомына айналған

0
518

Дәрігерлер коронавирустың алғашқы симптомдары өзгергенін айтты


Мұрын бітуі коронавирустың жаңа симптомына айналған

ERNUR.KZ. Күзде коронавирус жұқтырған науқастардағы симптомдар оның алдында жұқтырғандардан басқаша және көбіне тұмаудың белгілеріне ұқсас бола бастаған, деп жазады tengrinews.kz.

Дәрігерлердің сөзінше, вирус жұқтырған науқастардың дене қызуы тұмау жұқтырған кездегідей, бірақ ұзағырақ созылуы мүмкін.

Медицина қызметкерлері енді коронавирус жұқтырғандарда тұмау, тамақтың ауырсынуы және қышуы секілді белгілер барын айтады.

Сондай-ақ мамандар ауыр неврологиялық белгілер туралы ескертті: науқастардың басы айналып, басы ауырсынып, әлсіздік байқалған. Орыннан бірден тұратын кезде науқас талып қалуы мүмкін. Бұл белгінің бәрі екінші күні байқалып, бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

Дәрігерлердің сөзінше, бұрынғы симптомдар да байқалған. Мысалы ас қорытудың бұзылуы, іш ауырсынуы, сондай-ақ, лоқсу мен құсу.

Фельдшерлер одағының басшысы және жедел жәрдем қызметкері Дмитрий Беляков мұрын бітуі коронавирустың жаңа симптомына айналғанын айтып отыр.