Мұржаға кептеліп қалған ұры полиция шақыруға мәжбүр болған

0
1 177

22 жастағы жігіт диспансердің шатырына шығып, дәріханаға кірмек болған


Мұржаға кептеліп қалған ұры полиция шақыруға мәжбүр болған

ERNUR.KZ. Австралияда жергілікті дәріханаға түспек болған ұры мұржаға кептеліп қалды. Салдарынан полицияны өзі шақыруға мәжбүр болған, деп жазады sputniknews.

22 жастағы жігіт диспансердің төбесіне шығып, дәріханаға кірмек болады, алайда күтпеген жерден мұржада қалып қойған.

Қаскүнем мұржаны ғимараттың ішіне кіру үшін қолданғысы келген деген болжам жасалып отыр.

Полиция қызметкерлері одан шатырға не үшін шыққанын сұрады. Ол шатырдан айналаны суретке түсіргім келді деп жауап беріпті.

"Оның үсті-басы әбден былғаныпты, құдды бір 18-ғасырдағы мұржа тазалаушы ма дерсіз", — деп атап өтті дәріхана иесі Грег Гибсон.