"Мұз жұмыртқалар": Финляндияда сирек құбылыс байқалды

0
1 018

Олардың ең кішкентайы жұмыртқа пішіндес болса, ең үлкені футбол добымен бірдей болған.


ERNUR.KZ. Финляндияның жағажайында жұмыртқа пішінді мыңдаған мұз шарлар пайда болды. Бұл сирек кездесетін ауа райы құбылысының нәтижесі, деп жазады ҚазАқпарат.

Фотограф Ристо Маттила Финляндия мен Швейцария арасындағы Ботаникалық шығанақтағы «мұз жұмыртқаларды» суретке түсіріп алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сирек процесс нәтижесінде пайда болған, яғни, кішкентай мұздың көлемі жел мен судың әсерінен ұлғайған.

«Мен жағажайда жұбайыммен қыдырып жүргенде осы мұз шарларды байқадым.. Ауа райы 1C (32F болып тұрды және жел болды. Мұз шарлар шамамаен 30 метр жерді алып жатыр. Олардың ең кішкентайы жұмыртқа пішіндес болса, ең үлкені футбол добымен бірдей», деді фотограф ВВС-ге берген сұхбатында.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай шарлардың пайда болуы үшін ауа райы суық және желді болуы керек. Яғни, мұз бөлшектерін жел ұшырып, олардың көлемі ұлғайған.