Мұзды жанартаудың шыңынан табылған мумияланған қызға қатысты құпия ашылды

0
337

Бұл мумия "Льюльяйльяко қызы" немесе Ла Донселла деген атаумен белгілі.


Мұзды жанартаудың шыңынан табылған мумияланған қызға қатысты құпия ашылды

Сурет: wikimedia

ERNUR.KZ. Ғалымдар Оңтүстік Америкада, Чили мен Аргентина шекарасындағы мұзды жанартаудың ең биік нүктесінен табылған, шамамен 500 жыл бұрын өмір сүрген мумияланған қызға қатысты жаңа деректерді жариялады, деп жазады zakon.kz.

Бұл мумия "Льюльяйльяко қызы" немесе Ла Донселла деген атаумен белгілі. Ол 1999 жылы сөнген Льюльяйльяко жанартауының шыңында табылған үш мумияның бірі. Араға 27 жыл салып, ғалымдар олардың өміріне қатысты жаңа мәліметтерге қол жеткізді.

Зерттеулерге сәйкес, шамамен біздің дәуіріміздің 1500 жылына дейін Инк өркениеті кезінде үш бала қасиетті рәсім аясында 6700 метр биіктіктегі жанартау шыңына жеткізілген. Бұл рәсім "капакоча" деп аталып, балаларды құрбандыққа шалу дәстүрімен байланысты болған.

Ғалымдардың айтуынша, балалар рәсімге дейінгі соңғы айларда арнайы дайындықтан өткен. Олардың тағам рационына мәртебелі ас түрлері, кока жапырақтары мен алкоголь енгізілген. Радиокөміртекті талдау олардың шамамен 1430–1520 жылдар аралығында қайтыс болғанын көрсетеді.

Жаңа зерттеу нәтижелері рәсімнің нақты уақытын 1462–1507 жылдар аралығына нақтылап, шамамен 1499 жыл шамасында өткенін болжайды.

Археологтардың пікірінше, бұл рәсім тек діни мақсатта ғана емес, сонымен қатар саяси ықпал құралы ретінде де қолданылған. Инк билеушілері осындай салтанатты рәсімдер арқылы шалғай аймақтардағы халықты империяға біріктіруді көздеген.

Айта кетейік, Перуде археологтар шамамен 500 жыл бұрынғы өте жақсы сақталған картопты да тапқан.