NASA қытайлықтарға ғарыштық бағдарламаларға қатысуға тыйым салды

0
127

Жаңа ережелерге сәйкес, ҚХР азаматтары NASA деректер базасына қол жеткізе алмайды. Жиналыстарға қатыспайды және агенттік нысандарына кіре алмайды.


NASA қытайлықтарға ғарыштық бағдарламаларға қатысуға тыйым салды

фото: washingtontimes.com

ERNUR.KZ. Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (NASA) қытай азаматтарының өз бағдарламаларына қатысуына толық тыйым салды, деп жазады inbusiness.kz.

South China Morning Post дерегінше, шектеулер бұған дейін виза арқылы рұқсаты болғандарға да таралады.

"NASA Қытай азаматтарына қатысты ішкі шаралар қабылдады. Оған біздің нысандарға, материалдарға және желілерге физикалық әрі киберқатынасты шектеу кіреді", – деді агенттіктің баспасөз хатшысы Бетани Стивенс.

2 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің Ғарыш күштері құрылмай тұрып, елдің ғарыш жарысында Ресей мен Қытайдан қалып қойғанын айтқан болатын.