Ол НАТО-ның зымыранға қарсы жүйелері арқылы атылған.
Фото: REUTERS/Iranian Army/WANA
ERNUR.KZ. Марк Рютте НАТО бас хатшысы Ираннан ұшырылып, Түркия бағытына қарай бет алған зымыранға қатысты оқиғаға пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«НАТО альянс аумағының әрбір сантиметрін толық қорғауды қамтамасыз етеді. Мұны Түркия бағытына қарай ұшқан және Түркиядағы АҚШ мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін зымыран туралы хабар тарағанда көрдіңіздер. Ол НАТО-ның зымыранға қарсы жүйелері арқылы атып түсірілді. Демек, бұл жүйе жұмыс істеп тұр. Біз әрдайым 5-баптың қашан іске қосылатыны туралы белгілі бір деңгейде белгісіздікті сақтаймыз. Егер ол қолданылатын болса, бұл туралы бірден барлығына хабарлаймыз. Алайда біз бұл белгісіздікті әдейі сақтаймыз, өйткені қарсыластарымыздың, жауларымыздың оны алдын ала біліп қоюын қаламаймыз», – деді Марк Рютте.
Еске сала кетейік, Иран аумағынан ұшырылып, Ирак пен Сирия үстімен өткен баллистикалық зымыран Шығыс Жерорта теңізі аймағында НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері арқылы залалсыздандырылды. Оның бағыты Түркия әуе кеңістігіне қауіп төндіруі мүмкін болған.


