Назарбаевқа Қытайдың Достық Ордені табысталды

0
1 602

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 25 сәуірде Бейжіңде 37 мемлекет басшысы жиналған "Бір белдеу, бір жол" атты екінші халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты.


Назарбаевқа Қытайдың Достық Ордені табысталды

ERNUR.KZ. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Достық Орденімен марапаттады, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Біз Қытай халқының ежелгі, жақын досы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының жоғары марапаты - Достық орденін тапсыру үшін салтанатты рәсім өткіземіз. Назарбаев бүкіл әлемге беделді, екі елдің жан-жақты стратегиялық серіктестігінің негізін қалаушы және оның дамуын әрдайым алға тартатын адам", - деді Си Цзиньпин Пекинде өткен салтанатты жиында.

"Мысалы, біз тарихтан қалған шекара мәселелерін реттедік. Трансұлттық мұнай-газ құбырларын салдық", - деді Си Цзиньпин.

"Назарбаев өзінің көрегендігімен ШЫҰ-ның қарқынды дамуын ілгерілетіп жатыр. Ол өңірдегі және бүкіл әлемдегі тұрақтылықты қолдауға үлкен үлес қосып келеді", - деді ҚХР төрағасы.

Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 25 сәуірде Бейжіңде 37 мемлекет басшысы жиналған "Бір белдеу, бір жол" атты екінші халықаралық ынтымақтастық форумына қатысып, сөз сөйлеген.

Елбасы форумда кибер қауіпсіздік пен қолданыстағы коммуникацияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзектілігін және өңіраралық деңгейдегі бәсекенің арта түскенін атап өтті. Сондай-ақ, Назарбаев еліміздің ядролық қарусыздану және жаппай қырып жоятын қарудың таралуын болдырмау ісіндегі жетістіктеріне тоқталды.