Фото: indiatoday.in
ERNUR.KZ. Непалдың бұрынғы премьер-министрінің әйелі үйіне шабуыл жасаған наразы халықтың қолынан қаза тапты. Ереуілшілер әйелді үйге қамап, үйді өртеп жіберген, деп жазады Stan.kz.
Непалдың бұрынғы премьер-министрінің Шарма Олидің жұбайы, елдің сыртқы істер министрі Арзу Рана Деуба ауыр күйік жарақатын алған. Өрт қоймас бұрын ереуілшілер әйелді қатты соққыға жыққан. Өртеніп жатқан үйден алып шыққанда оның жағдайы тым ауыр болыпты. Әйел ауруханада көз жұмды.