Нью-Йоркте қалың қар жауып, төтенше жағдай жарияланды

0
664


Нью-Йоркте қалың қар жауып, төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Екі метрге жететін қар үйінділері мен қараусыз қалған автокөліктер - Нью-Йоркте бұрын-соңды болмаған қар жауды, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметі бойынша, кейбір жерлерде рекордтық 180 сантиметрден астам қар жауды.

Эри округінің атқарушы директоры Марк Полонкарцтың айтуынша, екі жергілікті тұрғын қардан тазартамыз деп жүрек талмасынан қайтыс болған.

Нью-Йорк губернаторы Кэти Хоукулл штаттың қарлы дауылдарға дайын екенін мәлімдеп, арнайы бригадалар жағдайды шешу үшін тоқтаусыз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Нью-Йорк штатының түкпір-түкпірінен ресурстар, адамдар, жабдықтар ауа-райына қарсы тұрар ортақ күшке бірікті", - деді ол.

Нью-Йорк штатының батыс бөлігінде негізгі магистральдар жабылды, апаттардың алдын алу және апаттық-құтқару қызметтеріне кедергі келтірмейтіндей жолдарды тазарту үшін қар жауғанға дейін саяхаттауға немесе үйден кетуге тыйым салынды.

Губернатор тұрғындарға қар тазалауға көмектесу үшін Эри округіндегі Нью-Йорк Ұлттық гвардиясының мүшелерін екі есеге арттырды.

Сенбі күні кешке Ұлы Көлдердің алты штатында 8 миллионнан астам адамға жіберілген ауа-райы туралы ескертулер әлі күшін жойған жоқ: Висконсин, Мичиган, Индиана, Огайо, Пенсильвания мен Нью-Йорк.